Өскемен қаласында «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты онлайн форсайт-форумы өтті.
2021 жылдың 1-5 наурыз аралығында Өскемен қаласының А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты онлайн форсайт-форумы өтті.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумына 100-ге тарта адам қатысты.
Форум спикерлері – белгілі қазақстандық алаштанушы-ғалымдар, оқытушылар, музей қызметкерлері Алаш арыстарының өмірі мен қызметі, елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресі жайында баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізіп, виртуалды қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Форсайт-форум қонақтары арасында Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Өскембаев Канат Сәдуақасұлы болды.