«Сот актілері бойынша мүлікті тәркілеу» тақырыбына қонақ дәрісі
2021 жылдың 26 қарашасында заң пәндері кафедрасы мен Студенттік Парламент Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментімен бірлесіп «Заңтану» білім беру бағдарламасының (ЮР-18-01, ЮР-18-02, ЮРТ-19-01, ЮК-18-021, ЮК-18-02 академиялық топтары) студенттеріне арналған қонақ дәрістерін өткізу жоспары аясында «Сот актілері бойынша мүлікті тәркілеу» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәрісті Әділет департаментінің аға сот орындаушысы А.Е. Лесбеков оқыды.
Дәріс барысында сот актілерін орындау тәртібіне қатысты мәселелер ашылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.