«Сот жүйесі және әскери қызмет заңнамалары» тақырыбында ашық есік күні

9 қыркүйек күні “Құқықтану” мамандығының студенттері және заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Канафина Гульмира Адильбековна “Сот жүйесі және әскери қызмет заңнамалары” тақырыбында әскери сотта  өткен ашық есік күніне қатысқан болатын.

Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет тарапынан сот саласына барынша қолдау мен қамқорлық жасалып келеді. Жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістер де аз емес. Биліктің бір тармағы болып табылатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі екенін «Құқықтану» мамандығының студенттері білетіндері сөзсіз. Сондықтанда ашық есік күніне бара отырып, осы саладағы жүйемен толық танысқандай болды.