«Спорт в жизни человека» бейнероликтер байқауының қорытындысы

 2023 жылғы 21 қарашада А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студент жастарының Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 1996 және 2000 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және бокстан әлем чемпионы Болат Нұретдіұлы Жұмаділовпен кездесуі өтті. Іс-шара барысында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мен Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған “Спорт в жизни человека” тақырыбындағы бейнероликтер байқауының қорытындысын шығару рәсімі өтті.

“Спорт в жизни человека” бейнероликтер байқауының жеңімпаздары болып келесі қатысушылар танылды:

1 орын – Қанатова Динара, “шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының студенті (ШТ-23-01 академиялық тобы);

2 орын-Болатов Алмас, “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының студенті (КТ-23-01 академиялық тобы);

3 орын – Кеңес Мерей, “Аударма ісі” білім беру бағдарламасының студенті (АІ-23-01 академиялық тобы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.