Stationenlernen неміс тілінің сөйлеу клубының жұмысында қолданылатын коммуникативті әдіс ретінде

2021 жылдың 22 қарашасында «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының және «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының (ИЯ-20-01, ШТ-20-01, ПДТ-20-01 академиялық топтары) екінші курс студенттері неміс ауызекі тілі клубының отырысына қатысып, Stationenlernen коммуникативтік әдістемесімен танысты. Отырысты PhD, шетел тілдері кафедрасының доценті Ж. Т. Оспанова және кафедраның аға оқытушысы А.К. Алтымбаева басқарды.

Кездесу тақырыбы «Wohnen in Deutschland und in der Welt (Германияда және әлемде тұру)» болды, онда студенттер Германия мен басқа елдердегі тұрғын үйлер туралы көптеген қызықты фактілерді біліп, әлем астаналарына саяхат жасады (Berlin, London, Paris, NewYork, Rom, Athen, Wienu.s.w.), Еуропаның көрікті жерлерімен танысты (Das Brandenburger Tor, der Eiffelturm, das Atomium, Big Benu.s.w.).

Клуб жұмысына қатысқан студенттер өздерінің сөздік қорын байытып қана қоймай, неміс тілін одан әрі үйренуге жаңа серпін алды.