ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

Үстіміздегі жылдың 9 ақпан күні Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы мен институт кітапханасы біріге отырып, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі, «Шаттыққа 10 жыл» медалі иегері, институтымыздың Түлектер қауымдастығының мүшесі, ғылым магистрі, Астана қаласының №48 мектеп-лицейінің директоры Садықова Зәуре Жақанқызының «Ұстаз – ұлы есім» атты ашық дәрісі өтті.

Дәріске «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері мен кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы қатысып, сертификаттарға иеленді.