«Ұстаз – ұлы тұлға»

2018 жылдың 6 қазанында ЕАГИ-де педагогика кафедрасында қызмет ететін «Асылказына» бірлестігі ұйымдастырған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессордың м.а., тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, педагогика кафедрасының оқытушылары, сонымен бірге кафедраның филиалы болып табылатын №32 мектеп-гимназиясының жас мамандары қатысты.