Ұстаздар күніндегі жаңа табыстар

Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының өкілдері кафедраның филиалы орналасқан Астана қаласы № 48 мектеп-лицейіне барып, мектеп директоры, ұлағатты ұстаз Зәуре Жақанқызы Садықова мен мектеп ұжымын мұғалімдер мерекесімен құттықтады. Өндіріспен байланысты нығайту мақсатында кафедра филиалының 5 жылдық жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.