««Step bу step» технологиясы негізінде интеграцияланған экологиялық білім беруді дамыту» тақырыбындағы республикалық семинар

2022 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының №77 «Қошақан» балабақшасында ««Step bу step» технологиясы негізінде интеграцияланған экологиялық білім беруді дамыту» атты республикалық семинар өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының басшылары мен мамандары, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Семей қалаларының педагогтары қатысты.  Семинар барысында талқыланған мәселелер аясында тәжірибе алмасу болды. Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ақжарқын Бадель пікірталасқа қатыса отырып, ««Step bу step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасады.