Студент жастар арасында есірткі психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу

2022 жылдың 13 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында Нұр-сұлтан қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Әлия Кибатқызымен студенттердің ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу студенттер арасында қызығушылық тудырды, олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды қойып, қажетті ақпарат алды.