Студент жастар арасында интернет алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу

2023 жылдың 20 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттер арасында интернет алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында Алматы ауданы бойынша полиция басқармасының өкілдерімен студенттер кездесуі өтті.

Жиналғандарға тәрбие работе жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі студенттер алдында Алматы ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Ш.Ә. Қуатбай., Алматы ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.С. Кадирбаев және Алматы ауданы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Ж. Муканова сөз сөйледі.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға сауатты жауаптар алды.