Студент жастар арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, буллингтің және нашақорлықтың алдын алу
2023 жылғы 11 қазанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттердің Алматы ауданы бойынша полиция басқармасының және Алматы ауданы прокуратурасының өкілдерімен студент жастар арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, буллингтің және нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесуі өтті.
Жиналғандарға тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі студенттер алдында: Алматы ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Д.Е. Токатов және Алматы ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры, ЕАГИ түлектері қауымдастығының мүшесі О.Е. Тулеу сөз сөйледі.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толық жауаптар алды.