«Студенттер арасында деструктивті діни ағымдар идеялары таралуының алдын алу: мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар
2018 жылдың 24 қаңтарында Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Я.Н. Оспанова және жастар ісі жөніндегі комитеттің көшбасшылары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен «Студенттер арасында деструктивті діни ағымдар идеялары таралуының алдын алу: мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар жұмысына қатысты.
Семинарда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері жөніндегі комитет басқармасының жетекшісі М.О. Иманбаевтың, Астана қаласы әкімдігінің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жетекшісінің орынбасары А.А. Аташевтің, Астана қаласы әкімдігінің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлімінің басшысы Г.И. Серікбаеваның, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің және С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың дінтанушылары мен теологтарының баяндамалары тыңдалды. Семинар соңында өзекті мәселелер талқыланды.