Студенттер үйінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара

2024 жылғы 29 ақпанда институт жатақханасында Алғыс айту күнін мерекелеу аясында педагогика кафедрасының кураторы Б.Е. Сейіткерім Т-23-01 академиялық тобының студенттеріне арналған «Алғыс айту -парызым» іс-шарасын өткізді (1-курс, «Тарих» білім беру бағдарламасы). Мерекенің тарихы мен маңыздылығына баса назар аудара отырып, куратор «Жүрек жылуын берейік» тренингін өткізді. Студенттер құттықтауларымен алмасып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.