Студенттер үйінде тұратын 1 курс студенттерін біріктіруге арналған тренинг
2023 і ж. 06 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтының психологы Мусиев А.Б. және «Сенім» атты студенттерді психологиялық қолдау клубының жетекшісі А. Маратова (ШТ-22-01 академиялық тобы) студенттер үйінде тұратын білім алушыларға «Танысу» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. Тренинг бағдарламасында бейімделуге, ұйымшылдыққа, шиеленісті жеңілдетуге және коммуникациялық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар қарастырылған.
Тренингтің мақсаты – оқушыларды бір-бірімен таныстыру, бірлескен іс-әрекетке мотивация қалыптастыру, келесі сабақтарға оң көзқарас қалыптастыру, қатысушыларды командаға біріктіру. Тренинг белсенді және достық жағдайда өтті, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.