Студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті

12 сәуір күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2024» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияға Астана (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті), Алматы (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ақтау (Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті), Қарағанды (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Талдықорған (Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті), Павлодар (Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті), Қостанай (А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті), Семей (Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті), Петропавл (М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті) қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ, Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Бұған қоса, конференция жұмысына Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің жас ғалымдары атсалысты.

Секциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін конференцияның нәтижелері қорытындыланды. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ұйымдастыру комитеті