«Студенттер мен волонтерлік: үлес, сын-қатерлер, келешек» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел»

2025 жылдың 20 ақпанында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Студенттер мен волонтерлік: үлес, сын-қатерлер, келешек» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында волонтерлік мәдениетті нығайту және студенттік волонтерлік ұйымдардың дамуына қолдау көрсету. Талқылау барысында студенттік өмірдің бір бөлігіне еріктілікті қалай жасауға болады, жастар арасында қандай жобалар сұранысқа ие, еріктілік кәсіби қызметке қалай көмектеседі сынды сұрақтар көтерілді. Дөңгелек үстел тәжірибе алмасу және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бастамаларды бастау алаңына айналды. Дөңгелек үстел жұмысына ЕАГИ Қазақстан халқы студенттік ассамблеясының төрағасы, ЕАГИ еріктілер қозғалысының жетекшісі, «Шет тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті Хван Миён қатысып, «А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттік волонтерлікті қолдау» тақырыбында баяндама жасады.