Студенттер «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының марапаттау салтанатына қатысты
8 қыркүйек күні «Педагогика және психология» мамандығының 2 және 3 курс студенттері кураторлары Н.Ж.Болатбекова, Ж.Т.Сүлейменовамен бірге «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Бұл байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен өнегелі отбасыларды көпке үлгі ету, әрі ұлттық тәрбиені ұлықтау мақсатында 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр.