Студенттер парасатты қоғам құрудағы жастардың рөлін талқылады

2021 жылғы 17 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да елорданың ЖОО студенттері парасатты қоғам құрудағы жастардың рөлін талқылады. Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған іс-шараға з.ғ.м., заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Канафина және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Ильяс Искендіров пен Айдын Абдукадирова қатысты.

Ашық пікірталас алаңының негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық, адалдық және сенім қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тәжірибе алмасу.

Іс-шара барысында пікірталас алаңына қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға, парасаттылық, адалдық және сенім құндылықтарын насихаттауға бағытталған ұсыныстар жасады.