Студенттер түнгі музейді тамашалады
«Аққу» әдеби бірлестігінің белсенді студенттері ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбековамен бірге ҚР Ұлттық музейінде «Музейлер түні» акциясына қатынасып қайтты. Акция барысында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай «Жүз жылдық жылнама» көрмесінің салтанатты ашылуына, сонымен қатар ақын Дәулеткерей Кәпұлының бастамасымен «Ақшамдағы ақындар жыры» атты шығармашылық кешін тамашалады. Этнография залы мен «Асыл мұра» залдарындағы мәдени құндылығы бар заттармен, түрлі жәдігерлермен танысты. Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танытуда акцияның берері мол.