Студенттер тренинг өткізеді

2015 жылдың 14 қараша күні Еуразия гуманитарлық институты «Педагогика» кафедрасы «Педагогика және психология» мамандығының екінші курс студенттері, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының «Еріктілер мектебі» жобасының негізінде «Топты ұжымдастыру» тренингін өткізуге атсалысты.

Тренингті төртінші курс студенті Шаирманова А.Б. жүргізді. Студенттер тренинг барысында өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік және нағыз командалық рухты көтере білді.