Студенттердің №3 қалалық емхананың СӨС дәрігермен кездесуі

2023 жылдың 13 қазанында «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен кафедраның барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері №3 қалалық емхананың, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің салауатты өмір салты дәрігері А.А. Нұрмағамбетовпен кездесу өтті. Жиында нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы бірінші тақырып «Мінез-құлық қауіп факторы – нашақорлық», екіншісі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында «ЖРВИ. Иммундау» қарастырылды. Студенттер екі тақырып бойынша да өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.