«Студенттерді университет сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел

 

2021 жылғы 19 наурызда ZOOM платформасында ҚР БҒМ өткізетін «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, ҚР ЖОО әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ студент жастар қатысты.

Еуразия гуманитарлық институтының атынан «Саналы Ұрпақ» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының төрағасы мен мүшелері қатысты»: Шуханов Рустем (ЮР-18-01 тобы); Тойшыбайқызы Айша (ҚТ-20-01 тобы); Оспан Айтолқын (ДОВК-18-01 тобы); Қадылбекова Аружан (ҚТ-20-01 тобы); Әмірхан Ақниет (ЮР-18-01 тобы). Олар дөңгелек үстел тақырыбы мәселелерін талқылауға белсене қатысты. Сонымен қатар студенттер қатысушылардың презентациялары барысында қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар алды.