Студенттердің жаңа жетістіктері туралы

2020 жылғы 24 қарашада старостаттың кезекті отырысы онлайн-режимде өтті. Отырыстың жағымды бөлігі тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанова Ярослава Николаевнаның «Құқықтану» мамандығының студенттеріне Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақысын алуға арналған байқауда жеңіске жеткен Қалымжанова Әселдің және Игибаева Гаухардың Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындаудағы шынайы құттықтауы болды.

Сондай-ақ халықаралық еріктілер күні қарсаңында «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы аясында Жастар еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін келесі студенттерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары табыс етілді: Вагурина Анна («Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы), Ақтаев Жандос («Құқықтану» мамандығы), Кәрім Ислам («Аударма ісі» мамандығы). Институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кемайкина Татьяна Нигматовна студенттерді осындай маңызды жетістікпен құттықтап, еріктілік қызметке қатысу тәжірибесі туралы айтты.

«Zhas Qanat» студенттік әлеуметтік клубының төрағасы Ақтаев Жандос «ZQStudDay» Халықаралық студенттер күні аясында үздік студенттік тарих конкурсына қатысқаны үшін Қажемқанова Диляра («Құқықтану» мамандығы) мен Дюсупов Алишерге («Аударма ісі» мамандығы) алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Студенттерге жаңа жеңістер тілейміз!