Студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары жаңа міндеттер қояды…

Биылғы оқу жылының алғашқы отырысы 7 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтында өтті. Кездесуге жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, Студенттік парламент, студенттік клубтар мен үйірмелер жетекшілері жиналды. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я. Н. Оспанова және ЖІК төрайымы А. Шакенова құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ кездесуде «Есірткісіз болашақ» КҚ директоры, ЕАГИ түлегі Ж. Ақтаев қордың қызметімен таныстырып, салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар студенттік қоғамдастық үшін өзекті мәселелерді, оның ішінде 2021-2022 оқу жылындағы ЖІК қызметінің негізгі бағыттарын, ЖІК және студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмыс жоспарын талқылады, сондай-ақ комитет пен клубтардың құрамын бекітті.