Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинар
2024 жылғы 22-23 ақпанда Maqsut Narikbayev University алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР ҰӘҚ БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинар өтті. Семинарға А.Қ. Құсайынов ат. ЕАГИ деканы Т.Н. Кемайкина, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Канафина қатысты.
Семинардың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді өзектендіру, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ практикалық тәжірибе алмасу болды.