Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментінде Ашық есік күні

2022 жылғы 22 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде Еуразия гуманитарлық институтының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің (ЮР-18-01, ЮК-18-01, ЮК-18-02 академиялық топтары) Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке кіру ережесі және заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесуі өтті.

Түсіндіру барысында өзекті сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.