Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай, Еуразиялық гуманитарлық институтының қабырғасында 2018-ші жылдың қараша айының 28-і күні дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел «Құқықтану» мамандығының ЮРС-17-01 және ЮК-16-01 группаларында өткізіліп, студенттер арасында бұл дертпен күресу туралы белсенді талқылау жүргізілді. Бұл өткізілген шараның басты мақсаты- студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру. Өткізілген дөңгелек үстелдің негізгі идеясы студенттерге жемқорлыққа қарсы заңнаманы негізге ала отыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату және сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады. Осыған орай, алынған тақырыптар да қазіргі кезде өзекті болып отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- әрбір азаматтың міндеті» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдарының тиімділігін арттыру» атты тақырыптар бүгінде еліміздегі күрделі мәселелердің бірі екені айқын. Осы тақырыптарға байланысты студенттер қазақ және орыс тілдерінде өз баяндамаларын оқып, студенттердің назарына слайд және видео-роликтер ұсынылды. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіндігі студенттердің баяндамаларында айқын баяндалды. Дөңгелек үстел өзінің мақсаты жете білді.
Студенттеріміздің алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенеміз!