Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  аясында кураторлық сағат өткізілді

1 желтоқсанда Халықаралық  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор А.Г. Кожахметова «Біз – жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында Қ-19-01, Ф-21-01 топтарында ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға ықпал ету болды.