Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Үстіміздегі жылдың қараша айында Еуразия гуманитарлық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты семинар өтті. Семинар барысында әр топ кураторлары баяндама жасап, студенттер жемқорлықтың салдары туралы пікір алысты. Қоғамдағы жемқорлыққа жолықпаудың амалдары жөнінде ой бөлісті.