Сыбайлас жемқорлық мәселесінің ЕАГИ оқытушылары мен студенттерінің көзқарасымен
2019 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Еуразия гуманитарлық институтының профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттерінің арасында сауалнама өткізді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу.