Сыбайлас жемқорлықпен күресте бірігейік!

2019 жылғы 9 желтоқсанда Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҰҰ-дың Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірге ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігейік: Жастар әлемді әділеттілік үшін өзгертеді» атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференция Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнді мерекелеуге орайластырылды.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар мен жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы ақпараттандыру және талқылау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында азаматтық жауапкершілікті дамытуға ықпал ету.

Конференцияның бірінші күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, этика мен адалдыққа арналды, мемлекеттік қызметкерлер, университет басшылары, академиктер, оқытушылар, студенттер мен жастар ұйымдары үшін интерактивті түрде бастауыш, орта және жоғары білім деңгейлеріне есептелген оқу құралдары ұсынылды.

Конференция барысында қатысушылар жаңа әдістемелермен, сондай-ақ БҰҰ ұсынатын ресурстармен танысты, одан өз оқу орындарыңызда тақырыптық семинарлар өткізу туралы ақпарат ала аласыз. Белгілісі сол, реформаторлардың жаңа буыны бизнес, саясат, БАҚ және азаматтық қоғам саласындағы жаһандық көшбасшылықтың есептілігі мен адалдығына көп көңіл бөлуі керек. Жастарды тарту және олардың мүмкіндіктерін кеңейту сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тұрақты шешімдерінің кілті болып табылады.

ЕАГИ студенттері талқылауларға белсенді қатысты, сонымен қатар БҰҰ әдіснамаларын Қазақстанда іске асыру үшін өздерінің бірқатар идеяларын ұсынды.