Тәңірі жаққан шамшырақ су құйсаң да өшпейді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 23 қазан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Алаш көшбасшысының бірі – Міржақып Дулатұлының 130 жылдығына арналған «Тәңірі жаққан шамшырақ су құйсаң да өшпейді» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Аталмыш іс-шараға институтымыздың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының         ҚТӘ-14-01 тобы және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы А.Е. Әлімбаев қатысты.

Кеш барысында Ұлы дала елінің Ұлы перзенттерінің бірі – Міржақып Дулатұлының өлеңдері оқылып, Қазақстанның Халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың «Міржақып» трагедиясынан үзінді қойылды. Сондай-ақ әдеби кеште елге танымал дәстүрлі әншілермен қатар белгілі айтыс ақыны Аманжол Әлтайдың арнауы және күйші Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі автордың өз орындауында кеш көркін аша түсті. Осындай танымдық кештер тіл мен әдебиет мамандарының білікті маман болуына септігін тигізері сөзсіз.