Тұлға тұғыры және ғылыми дәстүр сабақтастығы

2017 жылы 31 наурызда сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясында» ҚР-дың ҰҒА академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ф.ғ.д., профессор С.С. Қирабаевтың 90 жылдық мерейтойы мен ҚР-дың ҰҒА академигі Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, г.ғ.д., профессор Ә.С. Бейсенованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Тұлға тұғыры және ғылыми дәстүр сабақтастығы» атты ғылыми-практикалық конференцияға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-2 курс студенттері мен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Ахметова, п.ғ.к., доцент А.Б. Шормақова, п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбаевтар қатысып келді.