Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша онлайн-кездесу
2020 жылдың 29-30 қазанында “Zoom” платформасында “Алматы” ауданы Полиция басқармасының Кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.С. Жаппаровпен, сондай-ақ “Алматы” ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Б. Әбішевпен онлайн-кездесу өтті. Атаулы іс-шара 5В030100 – «Құқықтану» мамандығының бітіруші курс студенттерімен өткізілді. Бұл онлайн-кездесудің негізгі мақсаты ҚР Ішкі істер органдарына жұмысқа орналастыру, сондай-ақ қызметтің негізгі аспектілерімен таныстыру болды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып, аталған іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Еуразия гуманитарлық институтының студенттері мен заң пәндері кафедрасы Нұр-сұлтан қаласы “Алматы” ауданының Полиция басқармасына аталған іс-шараны ұйымдастырып, өткізгеніне үлкен алғыстарын білдірді.