Түлектерге арналған «Жастар практикасы» бағдарламасы

2016 жылдың 16 қарашасында Астана қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» өкілдері біздің институтымызда бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

Уақытша жұмыспен қамту мамандары Байгенжин Мейрам Русланұлы және Солдатенко Кристина Ивановна «Жұмыспен қамтылудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жастар практикасы туралы ақпаратты көрсетті.

Кездесу барысында студенттер белсенді түрде сұрақ қойып, оған Жұмыспен қамтылу орталығының өкілдерінен толық жауап алды.

Кездесу соңында студенттер Орталық сауалнамасының сұрақтарына жауап берді.