Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Оспанова Ярослава Николаевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі

Я.Н. Оспанова С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетін, 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика және психология кафедрасының аспирантурасын бітірген. 2005 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

Кәсіби қызметін 1998 жылы жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен бастады, бұдан әрі – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ педагогика факультеті тәрбие жұмысы жөніндегі деканының орынбасары, 2007-2008 жылдары – Қазақстан-Ресей университеті директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2008-2012 жылдары – Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орталығының директоры. Оспанова Я.Н. – оқу және оқу-әдістемелік құралдардың және 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

2012 жылдан бастап тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болып жұмыс істейді. Оспанова Я.Н. студенттердің оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруға және үйлестіруге, тәрбие ортасын қалыптастыруға, студенттердің бастамаларын қолдауға, әлеуметтік және психологиялық көмекке, жатақханада орындарды бөлуге және студенттердің жатақханада тұру жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ студенттік ортадағы жағымсыз құбылыстардың алдын алуға, патриоттық және азаматтық тәрбие беруге жауапты.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Я.Н. Оспанова ҚР БҒМ-ның «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Қазақстан жастары Конгресінің алғыс хаттарымен бірнеше рет атап өтілді. 2005 жылы ҮЕҰ көшбасшыларына арналған Бірінші Республикалық «ТАНЫЛУ» байқауы аясында «Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы» атағы берілді