Түркменстандағы халықаралық ғылыми конференция

img_0808

2016 жылдың 8-10 қарашасында Ашхабад қаласында (Түркменстан) Білім беру министрлігімен, Түркменстанның спорт бойынша мемлекеттік комитеті және Саудалық-өнеркәсіптік палатасымен бірге ұйымдастырылған, «Құдіреттілік пен бақыт дәуіріндегі білім беру мен спорт» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция жұмысына әлемнің 33 елінің, оның ішінде Қазақстанның ғалымдары қатысты.

Еуразия гуманитарлық институтынан педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Сарсекеев қатысты. Ғалымның баяндамасы Ресей, Украина, Германия ғалымдарының қызығушылықтарын тудырды.

Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көптеген қызық баяндамалар оқылды, секция жұмысы барысында қатысушылар тәжірибелерімен алмасты, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері талқыланды.