ТҰРСЫНБЕК КӘКІШҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

2018 жылғы 12 наурыз күні сағат 11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық жоғары мектептер ғылым академиясының құрметті академигі Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасы «Ғалым» залында филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұловтың жетекшілігімен өткен «Тұрсынбек Кәкішұлының ғылыми мектебі» тақырыбындағы дәрісіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері (ҚТӘ-16-01 тобы) қатысып, кең мағлұмат алды.