Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы «Үздік студент» байқауы
2022 жылғы 25 ақпанда Жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылыққа, студенттік өзін-өзі басқаруға, спортқа белсенді қатысатын студенттерді анықтау және ынталандыру үшін бірыңғай біріктіруші алаң құруға және ғылым мен білімді дамытуға бағытталған «Үздік студент» жобасы шеңберінде «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі.
Бұл байқауға Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова және ТМД елдерінің үздік студенттері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ЕАГИ студенттері жүлделі орындарға ие болып, келесідей үлестірілді:
1-дәрежелі диплом – Баймурзинова Эльвира Дулатқызы, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
2-дәрежелі диплом – Карим Ислам Еркінұлы, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті;
2-дәрежелі диплом – Абильдинова Дариға Жанатқызы, «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.
Жеңімпаздар «ТМД-ның үздік студенті» медалімен, дипломдармен марапатталды, сондай-ақ «ТМД-ның үздік студенті – 2022» дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы IV кітап жинағына енді.
Жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін з.ғ.к., заң пәндері кафедрасының доценті Ж.Н. Альмухамбетов, п.ғ.м., шетел тілдері кафедрасының доценті Л.У. Алипбекова және э.ғ.м., экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж.Д. Дәулетханова алғыс хаттармен марапатталды.