ТӘУЕЛСІЗДІК – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

2021 жылғы 3 желтоқсанда ЮР-19-01 және ЮРТ-19-01 академиялық топтарында (3-курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізілді. Аталған топтардың кураторы, заң пәндері кафедрасының доценті, з.ғ.к. Ж.Н. Әлмұхамбетов өз баяндамасында Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізудің және оны нығайтудың негізгі кезеңдеріне тоқталды. Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның, ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі атап өтілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президент, Елбасы – Н.Ә. Назарбаевтың рөлі ерекше атап өтілді. Мемлекет басшысы Қ.-ж. Тоқаев әділ атап өткендей: «Тәуелсіздігіміздің шежіресі Тұңғыш Президент – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты». Сонымен қатар, студенттермен бірге біздің қоғам мен мемлекет алдында тұрған ең басты құндылық – Қазақстан Тәуелсіздігін одан әрі нығайту және дамыту ісіндегі жаңа сын-қатерлер талқыланды.