«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы

2021 жылғы 24 қарашада Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Шакенова Айнұр Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орайластырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумына қатысты. Іс-шара барысында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды. Форумда сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішіндегі осы саладағы жұмыстың қорытындысы шығарылды.