«Тәуелсіздік Траекториясы»
2021 жылдың 13 желтоқсанында Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының қызметкерлері Еуразия гуманитарлық институтының шет тілдер кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне «Тәуелсіздік траекториясы» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.
Дәріс барысында тыңдаушылар тәуелсіз Қазақстанның тарихымен және дамуының негізгі кезеңдерімен, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөлімен танысты.