«Тәуелсіздік туы – білімді ұрпақ қолында» атты зияткерлік ойыны өтті

2022 жылдың 9 желтоқсанында заң пәндері кафедрасында, Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында, «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Тәуелсіздік туы – білімді ұрпақ қолында» атты зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынды ұйымдастырған кафедраның аға оқытушысы з.ғ.м. А.Э. Тортаева ойынның мәнді де қызықты өткізілуін қамтамасыз етті. Ойын барысында студенттерге ҚР Тәуелсіздігін тарихи кезеңдеріне және құқықтық қалыптасуына, сондай-ақ мемлекетіміздің атаулы тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтар қойылды. Ойынға қатысқан командалар белсенділік танытып, барлық кезеңнің сұрақтарына толық жауап берді.