«Тәуелсіздік туы – білімді ұрпақ қолында» атты зияткерлік ойыны өтті

14 желтоқсан 2021 жылы заң пәндер кафедрасында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойын тойлау қарсаңында, «құқықтану» мамандығының студенттері арасында «Тәуелсіздік туы – білімді ұрпақ қолында» атты зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынды ұйымдастырған кафедраның аға оқытушысы з.ғ.м. А.Э. Тортаева ойынды мәнді де қызықты өткізілуін қамтамасыз етті. Ойынға қатысқан «Тәуелсіздік тарландары» (Юқ-20-01 тобы), «Фемида» (Юқ-21-01 тобы), «Азат» (Юқ-21-02) командалары белсенділік танытып, барлық кезеңнің сұрақтарына толық жауап берді.

Ойынды бағалап, ұпай сандарын есептеп отырушы әділқазы алқа мүшелеріне: кафедра меңгерушісі з.ғ.к., профессор Ы.Ыдырысов, з.ғ.к., доцент Ж.Н.Альмуханбетов, з.ғ.м., аға оқытушы А.О.Ибраева басшылық етті.

Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша, Юқ-20-01 тобының негізінде құралған «Тәуелсіздік тарландары» тобы топ жарып, жеңіске жетті. Екінші орынды «Азат» (Юқ-21-02) тобы иемденсе, үшінші орынды «Фемида» (Юқ-21-01 тобы) тобы алды.

Ойын соңында з.ғ.к., доцент Ж.Н.Альмуханбетов қатысушы топтарды дипломдармен марапаттады, кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Қ.Ыдырысов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға алдағы қысқы емтиханды жақсы тапсыруға өз тілегін білдірді.