«Тәуелсіздіктің 7 қыры: Парасат шешімі» тақырыбындағы онлайн кураторлық сағат

2020 жылдың 19 қараша күні «Тарих» мамандығының ИК-18-01 тобының кураторы А.З. Еслямова Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру және «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмдер топтамасын талқылау бойынша ZOOM платформасында онлайн кураторлық сағат  өткізді. Шараға  педагогика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер қатысты. Кураторлық сағат  барысында 2019 жылы маусымда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық конференциясында тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың айтқан 7 бастамасы негізінде түсірілген фильмдер талқыланды. Аға оқытушы А.З.Еслямова деректі фильмдегі негізгі тұжырымдар мен ойларды білім алушылармен талқылап, негізгі идеясын тыңдаушыларға жеткізді.

Студенттер «Парасат шешімі» деректі фильмі бойынша өз ойларын ортаға салды, туынды сюжетіне негіз болған төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және КСРО ядролық қаруының 2/3 сынағы өткізілген Семей полигонын жабу, Арал теңізін жаңғыртумен байланысты Елбасының тарихи шешімдерінің маңызы туралы пікірлерімен бөлісті. Топтың студенттері Ыбырай А., Ахмедов С., Әуелбеков М.,  Умаров Т., Шүкерхан А. және т.б. фильмге қатысты өз ойлары айтып, бүгінгі таңда жастардың тарихқа деген қызығушылығының артып келе жатқанына баса назар аударды.