«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне ЕАГИ белсенді қатысты

2019 жылдың 23 қаңтарында EXPO халықаралық көрмесі аясында  Нұр-Әлем ғимаратында Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Елбасы Н.Ә. Назарбаев, Үкімет басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, «100 жаңа есім» конкурсының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашыл, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар және т.б. қатысты. Солардың ішінде Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Т. Тырнахан, президент степендиясының иегерлері Айтымова Аққайың (ПМНОК-16-01 тобы) мен Снегурская Валентина (ПМНО-15-01 тобы) іс-шараның куәсі болды. Республика бойынша жастар арасында еліміздің түпкір-түпкірінен  жиналған көшбасшылар қатарына іліккен Еуразия гуманитарлық институты әрқашан елбасымыздың саясатын қолдайды. Кеш қатысушылары соңында елбасымен естелік фотоға түсті.