«Тұғыры биік тұлғалар»

04.05.2019 жылы Еуразиялық гуманитарлық институтының «Құқықтану» мамандығының ЮК-16-01 топ студенттері және топ кураторы Гүлмира Әділбекқызының бастауымен Кенесары ханның және Үш бидің ескерткіштеріне баруымен өткен тарихқа саяхаттарын жалғастырған болатын. Қазақ тарихында айтулы орын алатын дара тұлғалардың ескерткіштеріне бару арқылы, біздер қазақ жері алып тұлғалардың мекені болғанына көзіміз жеткендей болды. Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, Қазақ хандығының соңғы ханы – Кенесары хан мен өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері қазақ тарихында ғана емес әлем тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.