Тұңғыш қазақ академигі Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған кураторлық сағат

2023 жылғы 16 қазанда ЕАГИ қабырғасында экономика-математика пәндері кафедрасында доцент А.А. Ахметова тұңғыш қазақ академигі Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Ф-20-01 және Ф-21-01 академиялық топтарында кураторлық сағат өткізді. Студенттер Қ. И. Сәтбаевтың өмірі туралы презентациялар мен хабарламалар, библиографиялық деректер дайындады. Мұндай тақырыптық кураторлық сағаттар жас ұрпаққа маңызды адамдардың қазіргі қоғамның дамуына қосқан үлесін есте сақтауға және бағалауға көмектеседі.