«ТҰҢҒЫШ – ПЕРВЫЙ» кино онкүндігі

2015 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Елбасы кітапханасында «Тұңғыш – Первый» кино онкүндігі өткізілді. Аталған іс-шараға институтымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері және топ кураторы, ғылым магистрі Е. Жұпарханқызы қатысты. Көрсетілген деректі фильмде Елбасының тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, сіңірген орасан зор еңбегі суреттеледі. Өскелең ұрпақтың өз тарихын танып, ертеңіне сеніммен қарауы аса маңызды. Сондықтан мұндай іс-шаралардың берері мол.